Павлодарда мереке қарсаңында 100 киіз үй тігіледі

0
1 226

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы мерекенің негізіне айналған. Сол бойынша түрлі ауылдар пайда болады.


Павлодарда мереке қарсаңында 100 киіз үй тігіледі

ERNUR.KZ. Әз Наурызды Павлодар облысы ерекше нақышта атап өтпек, деп жазады 24.kz.

Мерекеге орай жүзге жуық шаралар жоспары бекітілген. Қазір орталық алаңда бас сахнаны құру жұмыстары жүріп жатыр. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы мерекенің негізіне айналған. Сол бойынша түрлі ауылдар пайда болады. Мәселен, «Жібек жолы» ауылында ежелгі сауда-саттық көрініс тапса, «Қағанат» ауылы 7 үйден тұрады. Олар «Алтын адам», «Алма», «Қар барысы», «Қызғалдақ» «Аң стилі» деген атауларға ие болып, тақырыпқа сай безендіріледі. Мереке күндері мәдениет ошақтарында концерттік бағдарламалар, музейлер мен кітапханаларда ұлттық құндылықтарды паш еткен көрмелер, спорттық шаралардың кең түрі өтеді. Наурызда қайырымдылық шараларға ерекше мән беру көзделіп отыр.

Мейрам Нұғыманов, қала әкімдігінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі:

– Биыл қалада 100 киіз үй тігеміз деп жоспарлап отырмыз және барлық киіз үйлерде адамдардың мерекелік дастарханнан дәм татуына жағдайлар жасалады.