Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде биылғы жылы Павлодар облысында Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына орай 150-ден астам іс-шара жоспарланғанын хабарлады.
ERNUR.KZ. Павлодар қаласында тілтанушы, ақын, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына орай орталық қалалық кітапханада жеке оқу залы ашылды, деп жазады zakon.kz.
Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зәуре Мамбетова оқу залында әйгілі ақын әрі жазушының кітаптары, сонымен қатар, әлемдік және қазақ әдебиеттері орын алғанын айтты.
"Бүгін өте маңызды күн. Енді ақын шығармашылығымен жақынырақ танысқысы келетін оқырмандар қалалық кітапхананың оқу залына кез келген уақытта келе алады. Біз тек қуана қарсы аламыз", - дейді Зәуре Мамбетова.
Залдың ашылуына қатысқан Павлодар географиялық қоғамының жетекшісі Александр Вервекиннің пікірінше, Павлодарда әдебиет пен өнер саласындағы танымал адамдардың құрметіне арналған орындардың пайда болуы өте маңызды.
Әдебиет адамды тәрбиелейді, жақсылық пен жамандықты ажыратуға көмектеседі. Мейірімділік пен ізгілікке жол сілтейді. Әдебиет адамзат тарихынан алынып тасталса, бұл нағыз ақырзаман болады десе артық болмас. Кез келген халықтың әдебиетінде халық үлгі алатын, тіпті бүкіл адамзат құрметтейтін есімдер болады.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде биылғы жылы Павлодар облысында Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына орай 150-ден астам іс-шара жоспарланғанын хабарлады. Оның ішінде 50-ге жуық шара - 18 мамырда, яғни ақынның туған күніне орайластырылған.