Павлодарда өзіне қол салған полицейдің басшысы қызметінен шеттетілді

0
997

Полиция майоры Руслан Оспанов Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің гаражында дарға асылып қалған.


Павлодарда өзіне қол салған полицейдің басшысы қызметінен шеттетілді

ERNUR.KZ. Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары қоластында істейтін Руслан Оспановтың өлімінен кейін жұмыстан босатылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Ішкі қауіпсіздік басқармасы сотқа дейінгі тергеу шаралары мен қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізді. Алайда туыстары әлеуметтік желіде полиция департаменті басшыларының бірі осы қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген болжам айтқан. Осыған орай, ПД бастамасымен прокуратурамен келісе отырып барлық материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аүрес агенттігінің департаментіне тергеудің объектив жүргізілуі үшін жіберілді", - деді облыстық ПД ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Асқар Серғазин.

Оның айтуынша, басшының орынбасарын жұмыстан шеттету туралы шешімді ІІМ шығарған.

"Кеше жиналыста ІІМ министрі Павлодар облыстық ПД башсының орынбасары қызметтік тексеру жүргізілетін уақытта қызметінен шеттетілетіні туралы айтты", - дейді Серғазин.

Қайтыс болған ер адамның туыстарының айтуынша, Руслан Оспановтың жары мен әкесінен сұрау алу үшін Антикоррупциялық қызметке шақырылған.

Айта кетейік,Павлодар облыстық ПД басшысы Амантай Әубәкіров полицей Руслан Оспановтың өліміне қатысты істі бақылауға алған.

34 жастағы полиция майоры Руслан Оспановты Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің гаражынан дарға асылып тұрған жерінен тапқан. Қайтыс болған жігіттің ағасының айтуынша, ол өлер алдында досына хабарласып, осындай жағдайға душар еткен адамның есімін айтып кеткен. Оспанов Павлодар аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары болған. Туыстарының айтуынша, ер адамды осындай халге біреу жеткізуі мүмкін. Соңғы уақытта, ол Павлодар облыстық ПД тергеу бойынша басшылығына шағымданып жүрген.