Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас ауыр жарақат алып, сол жақ аяғынан айырылған.
Фото: Kazinform/ЖИ
ERNUR.KZ. Павлодар қаласының теміржол вокзалында пойыз басып кетіп, аяғынан айырылған 22 жастағы жігіт сегіз күннен кейін ауруханада қайтыс болды, деп жазады inform.kz.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас ауыр жарақат алып, сол жақ аяғынан айырылған.
— Оған шұғыл ота жасалып, кейін бірнеше рет хирургиялық ота жүргізілген. Сондай-ақ қарқынды терапия мен реанимациялық шаралар қабылданған. Алайда дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, алған жарақаттарының ауырлығынан жас жігіт 8 қазанда көз жұмды, — деп хабарлады басқармадан.
Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.


