Құзырлы орган өкілдері полицейді айыпты деп тауып, оған 12500 теңге көлемінде айыппұл салған.
Иллюстрациялық фото:ашықдереккөзден
Павлодарда білдей полиция майоры қыз зорламақ болған. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс жігіт оған көшенің қақ ортасында тиіскен. Тіпті қарсылық танытқан бойжеткеннің қолын қайырып, қорқытып, бопсалаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Полицияға дереу арызданған жәбірленушіге ешқандай көмек те көрсетілмепті. Нәзік жанның арына қол сұқпақ болған тәртіп сақшысы жұмысынан қуылмаған.
Қызды қорламақ болған ер адам полиция қызметкері болып шыққан. Оқиға Баянауылдағы демалыс орындарының бірінде болған. Жәбірленушінің айтуынша, куәгерлер де бар. Бірақ, кінәсін мойындамаған ер адам, оларды да қорқытып, аузын жапқан.
"Қазір 115-бапқа сәйкес, тағылған айыпты алып, орнына ұсақ құқықбұзушылық фактісі бойынша іс қаралып жатыр. Олар маған делелің жоқ дейді. Куәгерлер ақпарат беруден, толықтай бас тартып отыр. Енді сот барысы да уақытша тоқтады. Ол жазадан сытылып кете ме деп қорқамын", - дейді жәбірленуші Айнара есімді қыз.
Ал, айыпталушы бұл әрекетін оны біреуге ұқсаттым деп түсіндірген. Құзырлы орган өкілдері болса, әріптесін әкімшілік құқықбұзушылық бойынша айыпты деп тауып, оған 12500 теңге көлемінде айыппұл салған. Енді жұмыстан шығарамыз деп сот барысын уақытша тоқтатыпты.
"Айыпталып отырған полиция майоры бүгінгі таңда, денсаулығына байланысты демалыста. Заңға сәйкес, қазір біз оны жұмыстан шығара алмаймыз. Осыған негізделіп, сот барысын тоқтаттық. Жұмысқа келген күні бұйрық шығады", - дейді Павлодар облыстық іід өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Асқар Серғазин.