Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды

0
366

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, әйел кеуде омыртқасы сынып, бас миы шайқалған диагнозымен № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген.


Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды

ERNUR.KZ. Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды, - деп жазады Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мамырда сағат 14.37-де 112 пультіне Бектұров көшесі 109 мекенжайының тұрғынынан хабарлама түскен.

"Тоғыз қабатты тұрғын үйде тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен үйге жапсарлас салынған "Экстрамед" медициналық орталығының төбесіне 1993 жылы туған әйел құлаған. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды", - деді департамент өкілдері.

Оқиға орнына бес құтқарушы мен бір техника шықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, әйел кеуде омыртқасы сынып, бас миы шайқалған диагнозымен № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Бұғанасы мен сол жақтағы 5, 6, 7-қабырғасы сынған. Әйел мас болған. Ол қарқынды терапия палатасына жатқызылды.