ERNUR.KZ. Павлодарлық дәрігерлер бүгін, таңғы 10:35-те Ақтоғай ауданы тұрғынын босандырып алды. Жүкті ана бірнеше минутта үшемді өмірге алып келген, деп жазады nur.kz.
Павлодар облысының босануға дейінгі орталығының айтуынша, бүгін таңертең жоспарлы операция өтті. Жүкті әйелді Павлодарға жаңа жылға дейін алып келген.
"Үш ұл бала өмірге келді. Салмақтары 2160 грамм, 2090 грамм және 2300 грамм. Босанған әйелдің 2012 жылғы қызы мен 2014 жылғы ұлы бар", - деді Павлодар облысының босануға дейінгі орталығының бас дәрігері.
Дәрігерлер әйелден егіз немесе үшем күтпегенін айта кетті.
Бұдан басқа, босануға дейінгі орталықта 2018 жылдың 31 желтоқсан күні 21:15-те өмірге қыз баласы келгенін айта кетті.
Павлодарда 2019 жылы бірінші болып дүние есігін ашқан да қыз баласы. Сондай-ақ 1 қаңтар күні Павлодарда егіз ұл балалар туылған.