Павлодарда жас полицей өзін өзі тапаншамен атқан

0
184

2002 жылғы туған жігіт қазіргі сәтте жансақтау бөлімінде жатыр.


Павлодарда жас полицей өзін өзі тапаншамен атқан

ERNUR.KZ. Ауыр жарақаттанған тәртіп сақшысы қазіргі күні аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция департаменті аталған оқиға бойынша тергеу шараларын жүргізіп жатыр, деп жазады inform.kz.

Павлодар облысының Ертіс ауданында жас полицей өзін өзі табельдік тапаншамен ауыр жарақаттаған. 2002 жылғы туған жігіт қазіргі сәтте жансақтау бөлімінде жатыр.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады.

«Аталған оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Істің мән-жайлары мен себептері анықталады. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде», - деп хабарлады полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.