Павлодарда жұмысшы биіктіктен терең бункерге құлап кетті

0
539

​Зардап шеккен адам жабық бас сүйек-ми жарақатын, 2 дәрежелі травматикалық шок алды, іші мен омыртқасына зақым келді.


Павлодарда жұмысшы биіктіктен терең бункерге құлап кетті

ERNUR.KZ. Жас жігіт цехта слесарлық жұмыстар кезінде терең бункерге құлап кетті, деп жазады sputnik.kz.

Ведомство ақпаратынша, жазатайым оқиға 29 маусым сағат 23:15-те павлодалық компаниялардың бірінің цехында болған.
31 жастағы жұмысшы слесарлық жұмыстар кезінде тереңдігі 5 метрге жуық бункерге құлап кеткен. Ер адам түрлі жарақатпен Павлодар ауруханасына жеткізілді.
Бұл фактіге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.