Павлодарда жұмысшының бетіне ыстық битум бар шелек аударылды

0
571

37 жастағы ер адамның бетін 1-2 % термиялық күйік шалған.


Павлодарда жұмысшының бетіне ыстық битум бар шелек аударылды

Ер адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 10.35-те ЖШС-нің бірінің 36 жастағы жұмысшысы Нұрмағамбетовке - Минин көшелерінің қиылысында жол жұмыстарын жүргізу кезінде ыстық битумы бар шелекті аударып, бір тамшысы бетіне тамып кеткен.

"37 жастағы ер адамның бетін 1-2 % термиялық күйік шалды. Күйік шалған аумақ 2-3% құрайды. Жағдайы қанағаттарлық. Ем қабылдауда", - деген денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде.


Облыстық еңбек басқармасында жұмыс берушіге хабарлама жіберілгенін хабарлады. Аталмыш фактіге қатысты тергеу ұйымдастырылуда.