Павлодардағы әскери бөлімде сарбаз қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады

0
436

Туыстарының мәліметінше сарбазды демалып жатқан жерінен шақырып алған.


Павлодардағы әскери бөлімде сарбаз қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады

ERNUR.KZ. Кеше Павлодардағы 6679 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет еткен Айбек Тұрсымбаев есімді сарбаз мерт болды, деп жазады ulysmedia.kz.

“Қайырлы күн! Кеше Павлодардағы 6679 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген 32 жастағы сарбаз қайтыс болды. Бір қызығы ол демалыста жүрген. Демалып жатқан жерінен КАМАЗ жөндеуге шақырып алған. КАМАЗ-дың дөңгелегін үрлеп жатқанда, дөңгелек жарылып, сарбаздың басын жұлып әкеткен”, - деп хабарлады аты-жөнін атамауды сұраған сарбазлың туысы.

Қайтыс болған жігіттің соңында әйелі мен қызы қалды. Әйелінің екінші балаға аяғы ауыр (8 ай).

“Осындай заңсыз әрі қайғылы жағдай жабулы күйінде қалмаса екен”, - деп өтінді хабарласқан кісі.