Павлодарлық студент оқытушысын пышақтаған

0
157

Абырой болғанда, пышақ жарақаты азаматтың өмірлік маңызы бар органдарына тиген жоқ.


Павлодарлық студент оқытушысын пышақтаған

ERNUR.KZ. Павлодарлық студент оқытушысына пышақпен шабуыл жасап, жарақаттаған, деп жазады BAQ.KZ

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының өкілдері мәлімдеді.

“17 жастағы колледж студенті Павлов көшесінде педагогті пышақпен жарақаттаған. Колледж әкімшілігі бекітілген алгоритм бойынша болған төтенше оқиғаға байланысты әрекет етті. Оқытушыға медициналық көмек көрсетілді. Жағдайы қанағаттанарлық. Бұл дерек бойынша тексеріс басталды. Студентті құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның анықталуына дейін ұстады. Басқарма білім беру ұйымдарының жетекшілерімен қауіпсіздік мәселелері бойынша жиналыс өткізді”, - делінген ресми хабарламада.

Абырой болғанда, пышақ жарақаты азаматтың өмірлік маңызы бар органдарына тиген жоқ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Аманкелдінің хабаралуынша, зардап шеккен педагог Павлодар қалалық бірінші аураханада жатыр.

“Науқас арқа тұсындағы пышақ жарақатымен түсті. Тиісті хирургиялық шаралар қолға алынып, қажетті тексерулер жүргізілді. Қазіргі уақатта емделепі жатыр. ол дәрігерлердің динамикалық бақылауына алынды. Жағдайы тұрақты”, - деп хабарлады баспасөз қызметі.