Орталық дәрігерлері тарапынан науқасқа екі күн бойы ем қабылдау шаралары жасалды.
ERNUR.KZ. Тіл жанашыры, қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі психиатриялық емханадан шықты. Кешеден бері бұл жаңалық қазақ тілді қоғам арасында үлкен дүрлігіс туындатқан еді, деп жазады inform.kz.
Руза Бейсенбайтегінің психикалық науқастарды емдейтін мекемеден босатылғаны туралы алғашқы болып Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Асылбек Туғанбай мәлімдеді.
«Кешелі бері көзіқарақты жұртшылық павлодарлық белсенді, тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегінің жағдайына алаңдаулы болғаны түсінікті. Дәл қазір Руза апай психиатриялық емханадан босатылды. Жағдайы жақсы. Ол кісіге қатысты мәселеге барлығымыз алаңдадық. Шамамыз келгенше нақты ақпарат алып отыруға тырыстық. Құзырлы мекемелермен үнемі байланыста болдық. Әр өңірден қаншама адам хабарласты. Барша жанашыр ағайынға алғыс білдіреміз», - деп хабарлады Асылбек Туғанбай.
Р.Бейсенбайтегінің мекемеден шығарылғаны туралы ақпарды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
«Орталық дәрігерлері тарапынан науқасқа екі күн бойы ем қабылдау шаралары жасалды. Медицина қызметкерлерінің қарауынан кейін денсаулық жағдайының жақсаруына орай, консилиум шешімімен науқас диспансерлік бақылау ұсынысымен үйіне қайтарылды. Денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес, алдағы уақытта науқастың психикалық ауытқулары нашарлап, айналасындағы адамдарға зиян келтіру ықтималдығы қайта байқалған жағдайда, ол емдеуге жіберілетін болады» деп жазылған басқарманың ресми хабарламасында.
Еске сала кетейік, кеше Павлодарлық тіл жанашыры психикалық науқастарды емдейтін мекемеге жатқызылды.