Күтпеген жерден аптап ыстықта тегін сусынға ие болған тұрғындар трамваймен жиі жүретінін айтады.
ERNUR.KZ. 16 шілде – 15 тамыз аралығында «Трамвай басқармасы» АҚ облыс орталығында «Жара» атты акция өткізеді, деп жазады baq.kz.
Сейсенбі және жұма күндері бір сағатта күн қайнап тұрған кезде, яғни түскі екіден үшке дейін № 3 және № 5 маршрут бойынша жүріп өтетін № 52 және № 82 трамвайларда тегін сусын таратылады.
«Бұл трамвайларда біздің демеушінің өнімдері орналастырылған. Түрлі-түсті вагондарды бірден тануға болады. Шағын сыйлық беретін алып қуыршақтарды да демеушілеріміз ұсынды. Олар көп жылдан бері біздің серіктесіміз болып келеді. Біз жолаушыларды қаншалықты құрметтейтінімізді көрсеткіміз келеді. Алда әлі талай тосын сыйлар күтіп тұр. Бұған дейін «Тегін жүру мүмкіндігіне ие бол!» атты тегін билеттер акциясы өткізілген. 20 шілдеде алғашқы жеңімпаздар отырған трамвай шығады», - дейді Наталья Темиргалина..
Алғашқы күні күтпеген жерден аптап ыстықта тегін сусынға ие болған тұрғындардың бірі Руслан Макенов трамваймен жиі жүретінін айтады.
«Бүгін өзімді басқа қалада жүргендей сезіндім. Жаңа трамвайлардың саны арта берсін. Далада + 36 градус. Күн деген жанып тұр. Ал, мұндай тегін сусын ұсына қоятын акцияларды қуана қабылдайтынымыз сөзсіз»,- дейді ол.