Оқиға әке мен қыздың арасындағы түсініспеушіліктен басталған.
ERNUR.KZ. Павлодарда сүйіктісінің әкесінің жағын ұрып сындырған жігіт жауапқа тартылды, деп жазады Stan.kz.
Оқиға әке мен қыздың арасындағы түсініспеушіліктен басталған. Бойжеткен арадағы жанжал туралы жігітіне хабарласып айтқан. Жігіт сол жерге келіп, сүйіктсінің әкесімен сөйлесуге тырысқан. Алайда жауап ретінде намысына тиетін сөздер естіп, ашумен қыздың әкесін екі рет жағынан ұрып жіберген.
Қалалық соттың дерегінше іс 2022 жылдың қаңтарында тіркелген. Зардап шеккен ер адам медицина мен полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгініп, жігітті сотқа берді. Сот шешімі бойынша қыздың сүйіктісіне бір жыл бас бостандығына шектеу қойылып, тұрғылықты мекенжайы мен жұмысын ескертусіз өзгертуге тыйым салынды. Қыздың әкесі жігітті кешірмейтінін айтып, моральдық шығын төлеуін талап еткен.