22 жастағы жігіт әкімдікте кондиционерге сұйықтық құйып жатқан.
Паввлодар облысында әкімдікте ер адам үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 мамыр күні шамамен сағат 16.40-та Астана көшесі, 52 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта ЖШС бірінің кондиционер орнатушысы терезеден құлап кеткен.
"Салдарынан ер адам дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды", - делінген департамент ақпаратында.Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 1999 жылы туған азамат жедел жәрдеммен Ақсу орталық ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.
- Бассүйек-ми жарақатының жабық жарақаты, мидың шайқалуы анықталды, маңдай аймағы мен мұрны, оң қолы сыдырылған. Оң жақта 1,11,12-қабырғасының жабық сынуы, өкпе жарақаты, екі жақты жамбас сүйектерінің сынуы, іштің өткір жарақаты және басқа да бірнеше жарақат тіркелген. Сондай-ақ бірінші дәрежелі травматикалық шок алған, - деп жазылған хабарламада.Жағдайының ауырлығына байланысты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған.