Петропавл орталығында жастар төбелес ұйымдастырды

0
2 387

Карантин шектеулерін елемей, жастар жиналған ғимараттың ішіне полиция қызметкерлері бір сағаттан астам уақыт кіре алмаған.


Петропавл орталығында жастар төбелес ұйымдастырды

фото:Stan.kz.

ERNUR.KZ. Петропавл орталығында бір топ жас жігіт түнгі уақытта төбелес ұйымдастырды, деп жазады Stan.kz.

6 ақпан күні түнгі сағат түнгі уақытта Жамбыл және Сәбит Мұқанов көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйдің терезелерінің астында айқайлар, ал біраз уақыттан кейін сынған терезенің үні естілген. Дабыл қаққан тұрғындар дереу полиция қызметкерлерін шақырды. Алғашқы патрульдік машина бес минут ішінде келді.

Тәртіп сақшылары көшеде сырт киімсіз қалған адамдардан жауап ала бастады. Олардың бірі төбелес салдарынан жарақат алып, оған жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Оқиғаның қалған қатысушылары патрульдік көліктерге отырды.

Карантин шектеулерін елемей, жастар жиналған ғимараттың ішіне полиция қызметкерлері бір сағаттан астам уақыт кіре алмады. Түнгі сағат екіде ойын-сауық мекемесіне келушілер шатыр арқылы оқиға орнынан кетуге тырысты.

Кейбіреулері тіпті шатырға қарайтын пәтерлердің терезелерін қаққан. Бұл туралы полиция қызметкерлеріне үй тұрғындары айтқан.

Біраз уақыттан кейін қызметкерлер пәтер иелерінің көмегін пайдаланды, олардың балконы арқылы тәртіп бұзушыларды шатырға шығарып, ұстады.

Түнгі сағат үште полиция ғимаратқа кірді. Таңғы сағат беске дейін сол жерде жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оқиға орнына патрульдік полицияның төрт экипажы келді, оннан астам қызметкер тартылды.