Петропавлда қайығы аударылып қалған балықшы құтқарылды

0
1 084

Оның құтқару кеудешесі болмаған.


Петропавлда қайығы аударылып қалған балықшы құтқарылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар 36 жастағы ер адамды дер кезінде судан алып шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, петропавлдық азамат ерте таңертең Пестрое көліне балық аулауға шыққан. Ол арты дәл оқыс оқиғаға ұрынатынын білген жоқ.

Сол күні №2 құтқару стансасында Руслан Ақпасов пен Алмас Жакин кезекшілік етті. Олар көлдің қарама-қарсы жағасынан көмек сұрап шақырған дауысты естіп, моторлы қайықпен бірнеше минуттың ішінде оқиға орнына жеткен.

«Ер адам судан шығуға тырысып, әлсіреп қалған. Жолы болғанда, қайықтың бүйірінен ұстап үлгерген. Құтқарушылар оны құтқарып, қайықпен бірге жағаға алып шыққан, сондай-ақ, алғашқы көмек көрсетті. Біраздан соң балықшы үйіне қайтты», - делінген хабарламада.

Ер адам қайықпен дұрыс жүзбегендіктен суға құлаған. Оның құтқару кеудешесі болмаған.

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық құтқарушылар 25 адамды суға кетуден аман алып қалған. Соның ішінде 17 бала бар. Алайда 25 адам суға кетіп көз жұмды, олардың 4-уі – бала. Балық аулау кезінде 3 адам суға батып кетті.