Петропавлда науқас аурухана терезесінен құлап қайтыс болды

0
735

Қайтыс болған зейнеткердің туыстары медицина қызметкерлері марқұмға немқұрайлы деп күдіктенеді.


Петропавлда науқас аурухана терезесінен құлап қайтыс болды

ERNUR.KZ. Петропавлда жүрегіне операция жасатқан 69 жастағы науқас кардиологиялық орталықтың бесінші қабатындағы терезеден құлап кетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Қызылжар ауданының Боголюбов ауылының зейнеткері екі апта бұрын инфаркт алып, ауруханаға түскен. Бірнеше сағатқа созылған күрделі операциядан кейін ол реанимацияда жатып шыққан. Ал палатаға ауыстырған күні науқас орап-таңу бөлмесінің терезесінен құлаған.

Кардиологиялық орталық бас дәрігерінің орынбасары міндетін атқарушы Асхат Молжігітовтің айтуынша, науқас операциядан кейін психоз жағдайына түскен. Дегенмен, оның жағдайы тұрақты болып, медициналық қызметкерлер арасында күдік туғызатындай қарым-қатынас байқалмаған.

"Оның жүрегіне өте күрделі операция жасалды. Жүрек қан тамырларын кеңейтіп, клапанды ауыстыру процесі қанайналымды жасанды жүргізу арқылы іске асырылды. Ал бұл гипоксиялық өзгерістерге алып келіп, науқаста психозды жағдайға ұласады. Сол күні біз әкімшілік тексеру жүргізіп шыққанымызда, пациенттің жағдайы тұрақты болып еді", - дейді Молжігітов.

Полиция дерегінше, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ал қайтыс болған зейнеткердің туыстары аурухана қызметкерлері науқасқа немқұрайлы қарады деп күдіктенеді. Сондықтан да олар прокуратураға арыз жазуға ниетті.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша кінәлілерге үш жылға дейін бас бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.