Петропавлда темекінің салдарынан жарылыс болып, бір адам зардап шекті

0
129

30 жастағы зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр.


Петропавлда темекінің салдарынан жарылыс болып, бір адам зардап шекті

Сурет: pexels

ERNUR.KZ. Петропавлда ер адам дәнкерлеу шамын бензинмен толтырмақ болғанда денесінің 90%-ын күйік шалды, деп жазады zakon.kz.

Петропавловск.news мәліметінше, 30 жастағы зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы оның бензинді канистрден дәнкерлеу шамына құюға тырысқанда жарақат алғанын айтты.

"Жұбайының айтуынша, оқиға кезінде ер адамның қолында тұтанған темекі болған. Жарылыс болып, киімі өртенген. Зардап шеккен адам дереу қабылдау бөлмесін айналып өтіп, жансақтау бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, пациенттің басы, денесі, аяқ-қолдары және тыныс алу жолдарын 2-3А-Б дәрежелі күйік шалған. Сондай-ақ, II-III дәрежелі күйік шогы диагнозы қойылды.

Ер адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр және тұрақсыз деп бағалап отыр. Медициналық қызметкерлер оған барлық қажетті көмекті көрсетуде.