Петропавлда жеңіл көлік өртеніп, ішіндегі газ баллоны жарылды

0
1 060

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


Петропавлда жеңіл көлік өртеніп, ішіндегі газ баллоны жарылды
ERNUR.KZ. Петропавлда жеңіл көлік өртеніп, салдарынан ішіндегі газ қондырғысы жарылды, зардап шеккендер жоқ, деп жазады ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 7.26-да 101 телефон нөміріне Петропавлдағы Чайковский көшесі, 4 мекенжайы бойынша Ауди көлігінің жанып жатқандығы туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер жедел жеткенімен, олар келгенше газ қондырғысы бар көлікте жарылыс болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілер жалынды 10 минутта ауыздықтады, алайда көлік толығымен жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін.

«Автокөліктердің электр қондырғыларын уақтылы тексертіп тұруға кеңес береміз. Өйткені машиналарда өрт негізінен сымдардың қысқа тұйықталуынан шығып жатады. Жалын күш алған жағдайда жеңіл көлік 5-7 минуттың ішінде толық жанып кетеді», - дейді мамандар.