Өңірде қатты аяздың күшіне мінгеніне - осымен үшінші тәулік.
ERNUR.KZ. Алдын ала мәліметтер бойынша, Петропавлда денесі табылған 75 жастағы зейнеткер әйел үсіп қалған болуы мүмкін, деп жазады Zakon.kz.
Із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткердің денесі ертеңінде таңертең емдеу мекемесінің жанынан табылды, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы. Алдын ала болжам бойынша марқұм далада үсіп қалған.
"Енді оның анық-қанығын тергеушілер анықтайды", делінген телеарна ақпаратында.
Өңірде қатты аяздың күшіне мінгеніне - осымен үшінші тәулік.
"Әйелдің денесін екінші күні таңертең емхана маңынан учаскелік полицей тауып алды. Ол бірден жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Алайда қатты үсіп қалғандықтан әйел адам тіршілік белгілерін байқатпаған. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін әйел адамды аман алып қалу ықтималдылығы күшін жойды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сонымен қатар оқиғаның барлық жай-жапсары анықталу үстінде. Әзірге, марқұмның көзі тірісінде ара-тұра ұмытшақтық дерті болғаны белгілі". Нұрсұлтан Елеусізов, қалалық ПБ №2 бөлімі бастығының орынбасары


