Petrosun компаниясынан 500 млн теңге айыппұл өндірілді

0
369

Апелляция сот шешімін өзгеріссіз қалдырғаннан кейін 542,9 млн теңге мөлшеріндегі айыппұлдың барлық сомасы мемлекет бюджетіне төленген.


Petrosun компаниясынан 500 млн теңге айыппұл өндірілді

ERNUR.KZ. Алматы қаласының прокуратура «Petrosun» ЖШС қызметінен үстемдік жағдайды теріс пайдалану белгілері анықталғанын хабарлайды, деп жазады ulysmedia.kz.

Прокуратураның тексеруі барысында серіктестік монополиялық жағдайын теріс пайдаланып, жекелеген субъектілерге бензин мен дизель отынын сатуды негізсіз шектегендігі анықталған. Бұл ӘҚБтК-нің 159-бабы талаптарына қайшы келеді.

– Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бәсекелестік саласындағы уәкілетті орган өңделмеге қатысты кірістің 5% мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен серіктестік әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - делінген хабарламада.

Апелляция сот шешімін өзгеріссіз қалдырғаннан кейін 542,9 млн теңге мөлшеріндегі айыппұлдың барлық сомасы мемлекет бюджетіне төленген.