Pinduoduo Қазақстанға тауарларды уақытша жеткізбейді

0
176

Pinduoduo немесе PDD – ең үлкен маркетплейстердің бірі.


Pinduoduo Қазақстанға тауарларды уақытша жеткізбейді

Фото: forbes.com.

ERNUR.KZ. "Қазпошта" қызметі Pinduoduo желісінің тауарларды Қазақстанға уақытша жеткізбейтінін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Қазір маркетплейс жүйесінде техникалық жұмыстар мен жаңартулар жүргізілуде.

"Pinduoduo барлық ресми онлайн тасымалдаушыларды 19 қазаннан бастап техникалық жетілдірулерге байланысты уақытша тоқтатты. Өкінішке орай, жұмысты қалпына келтірудің нақты мерзімдерін атай алмаймыз", – делінген хабарламада.

Pinduoduo немесе PDD – ең үлкен маркетплейстердің бірі. 2015 жылы құрылған, штаб-пәтері Шанхайда орналасқан.