Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: көлікті жалға алған жүргізуші зардап шекті

0
942

Toyota Camry 70 көлігі Әшімов көшесімен оңтүстік бағытта жүріп бара жатқан.


Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: көлікті жалға алған жүргізуші зардап шекті

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. 20 қазан күні таңертең Алматыда тағы бір жол апаты болды - Сәбденов пен Әшімов көшелерінің қиылысында екі Toyota Camry соқтығысты, деп жазады zakon.kz.

Toyota Camry 70 көлігі Әшімов көшесімен оңтүстік бағытта жүріп бара жатқан.



Алдын ала мәлімет бойынша, бұл көлікті қыз айдаған.

Ол бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап, "жасыл" жанған кезде қозғала бастаған.

Осы кезде қара Toyota Camry 40 жол қиылысына жоғары жылдамдықпен шыққан.

Бойжеткен әрекет етіп үлгермей, осы көліктің бүйіріне соғылған. Салдарынан қара түсті Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен.