Платформаларда жұмыс істейтін азаматтар үшін арнайы салық режимі қолданылады

0
404

Шілде айында әлеуметтік кодекске, салық кодексіне, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға түзетулер енгізілді.


Платформаларда жұмыс істейтін азаматтар үшін арнайы салық режимі қолданылады

ERNUR.KZ. Сарапшылардың деректері бойынша, 500 мыңға жуық қазақстандық интернет платформалар аясында жұмыс істейді. Жұмыс түрлері: курьер, такси қызметі. Оның артықшылықтарының бірі - ыңғайлы жұмыс кесесі, бірақ тәуекелдер де бар: тұрақсыз жұмыс пен кірістер, көлеңкелі қарым-қатынастың өсуі, азаматтардың әлеуметтік тәуекелдер жүйесінде болмауы. Платформалық жұмыспен қамту саласында жұмыс істейтіндерді әлеуметтік қорғау шараларын іске асыру туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтып берді.

Шілде айында әлеуметтік кодекске, салық кодексіне, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға түзетулер енгізілді. Осы түзетулер шеңберінде интернет-платформа операторлары үшін арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын платформалық қызметкерлер үшін міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мөлшерлемелерінің мөлшері 1%-ға дейін төмендетілді.

«Мысалы, егер табыс 200 мың теңге болса, онда дәстүрлі салық режимі бойынша 17,5 мың теңге мөлшерінде міндеттемелер төленуге тиіс. Сол режим сізге тек 4%-ды төлеуге мүмкіндік береді. Тиісті жұмыс қабылданған өзгерістер шеңберінде жүргізіледі, Мемлекеттік кірістер комитеті, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, сондай-ақ Ұлттық банкпен бірге өзара іс-қимылдың тиісті қағидаларын әзірлейміз. Интернет-платформаларының операторларын міндеттемелерді ұстап қалу және төлеу жөніндегі салық агенттері танитын болады. Азаматтарға арналған үкіметтің құзыретінде арнайы төлемдерді бөлу мен қорларға аударуды бекітуді көздеп отырмыз», – деді ведомство өкілі.

«Интернет платформалар», «интернет платформалар операторы», «тапсырыс берушілер», «орындаушылар» ұғымдары заңнамалық түрде бекітілген, сондай-ақ қызметкер мен заңды тұлға арасындағы өзара қарым-қатынас Еңбек кодексі шеңберінде регламенттелген.

Сондай-ақ интернет-платформаларда істейтін жеке тұлғаларға қатысты салық режимдері қарастырылады. Пилоттық жобаға 13 мың такси жүргізушісі қатысады.

Ақмәди Сарбасов түсіндіргендей, арнайы салық режимін қолдана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет. Осы жылдың соңына дейін ақпараттық жүйелерді сынақтан өткізу мен интеграциялауды ескере отырып, осы тетіктердің барлығы толық көлемде жұмыс істейді.