Облыстық ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 1 маусымнан бастап «Көкнәр» тазалық операциясын жүргізді. Нәтижесінде есірткіге қатысты 84 заңбұзушылық фактісі анықталды.
ERNUR.KZ.Қостанайлық тәртіп сақшылары есірткіге қатысты 84 заңбұзушылық фактісін анықтады, деп жазады inform.kz.
Облыстық ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 1 маусымнан бастап «Көкнәр» тазалық операциясын жүргізді. Нәтижесінде есірткіге қатысты 84 заңбұзушылық фактісі анықталды.
«Полицейлер 4 шілде күні Қостанай ауданында «ВАЗ-2114» маркалы автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде 2 келі марихуана табылып, 44 жастағы қала тұрғыны қамауға алынды. Дәл осындай факт Рудный қаласында тіркелді. «ВАЗ-2112» автокөлігінде отырған 22 жастағы жолаушыдан 2 грамм героин тәркіленді. Ол есірткіні темекі қорабының ішіне жасырған», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Бүгінге дейін «Көкнәр» операциясы аясында 9 келі есірткі заттары тәркіленген. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 296-бабымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.