Полицейлер интернет алаяқтықпен күреске имамдарды тартты

0
247

​Жақында мешіттерде алғашқы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.


Полицейлер интернет алаяқтықпен күреске имамдарды тартты

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа әдісін қолға алды. Мешіттерде жұма намазында алаяқтардың әрекеті жайында айтыла бастады, деп жазады sputnik.kz.
Қариялардың біреуі интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде жаңалық оқымайтынын айтқан. Бірақ дін өкілдерінің сөзіне құлақ түріп жүретінін жеткізді. Осыдан кейін тәртіп сақшылары имамдардың көмегіне жүгінуге шешім қабылдаған.

Жақында мешіттерде алғашқы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Имамдар жұма намазында интернет-алаяқтықтың қаупі туралы айтты. Алдағы уақытта тура сондай іс-шараларды қаладағы, облыс аудандарындағы шіркеулерде, католиктік костелдарда және басқа да конфессиялардың ғибадатханаларында өткізу жоспарланып отыр.