Полиция 25 қазанда интернет болмайтыны туралы қауесетке жауап берді

0
718


Полиция 25 қазанда интернет болмайтыны туралы қауесетке жауап берді

Полицейлер 25 қазанда интернет бұғатталатыны туралы қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Бұған дейін Желіде 25 қазанда бүкіл Қазақстан бойынша интернет болмайды деген хабарлама тараған болатын.

Құқық қорғау органдары бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлады. Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздеу шараларын қолға алған.

"ІІМ азаматтарды арандатуға бой алдырмауға шақырады және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгенін ескертеді", - делінген ведомство хабарламасында.
Бөлісу