Полиция Астанадағы митингке қатысты түсініктеме берді

0
658

Қатысушылар полицейлерге бағынбай, қарсылық көрсеткен.


Полиция Астанадағы митингке қатысты түсініктеме берді

Сенбі, 26 қараша кешкі уақытта Астанадағы түнгі клубтардың бірінде жастарға арналған мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушы кәсіпкер шараға 300-ге жуық жастарды жинаған.

"Жиын барысында ұйымдастырушы жиналғандарға жалған ақпарат беріп, бейбіт жиналыстар өткізудің заңда белгіленген тәртібін бұза отырып, оларды заңсыз шеруге шақырған. Арандату салдарынан қоғамдық тәртіп өрескел бұзылып, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның толыққанды жұмыс істеуіне кедергі жасалған", - делінген ақпаратта.
Жиынға қатысушылар полицияның заңсыз әрекетті тоқтату туралы талабын ескермей, дауыс зорайтқышты қолданған.
Қатысушылар полицейлерге бағынбай, қарсылық көрсеткен.
Қазіргі уақытта кінәлі адамдар анықталып, полицияға жеткізілді.