Полиция Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады

0
932

Тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша жүргізілді.


Полиция Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады

ERNUR.KZ. Әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу тоқтатылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Қылмыстық іс ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы негізінде іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтады", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша жүргізілді.

Еске салайық, Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы хабарды оның әріптесі Әбубәкір Ужазов жариялаған еді.

Әнші 19 қыркүйекте Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында әке-шешесінің үйінде таңғы уақытта қайтыс болған. Соған дейін Жанар Хамитова телебағдарламалардың бірінде депрессияда жүргенін және сахнаға шығуға қорқатынын айтқан еді.