Қазнетте өлімге әкелетін әтір су туралы ақпарат тарады.
Фото: pexels
ERNUR.KZ. Танымал брендтердің қауіпті парфюмериясын пошта жәшіктеріне салып кетеді екен. Бұл ақпараттың жалған екенін мамандар мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.
Stopfake.kz дерегіне сүйенсек, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті пошта жәшіктерінен табылған өмірге қауіпті әтір су туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Олар бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
Сурет: Stopfake.kz
"Мұндай хабарлама бұған дейін шетелдерде тараған және жалған",- деп нақтылады мамандар.
Сондай-ақ, бақылау комитеті өнімге, оның ішінде қауіпті болуы ықтимал өнімге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырғандығы жайлы айтылған.
Қорытындылай келе азаматтарға келесідей үндеу жасады.
"Барлық азаматтарды сақ болуға, күмәнді ақпаратқа сенбеуге және ресми дереккөздерден алынған фактілерді басшылыққа алуға шақырамыз", – делінген ҚР ҚСЭК хабарламасында.