Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бектенов әр шаңыраққа бақ, береке және еліміз үшін жасампаз істерге әрі табысқа толы болуын тіледі.
"Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бағзыдан ырыс пен берекенің алтын арқауы, молшылық пен игіліктің қайнар бастауы болған ұлық мереке – халқымызды мұратқа жеткізер мызғымас бірліктің, іргесі берік, еңсесі биік елдіктің жаршысына айналды. Жаңарған жыл кемел келешектен үкілі үміт күткен еліміз үшін жасампаз істерге әрі табысқа толы болғай. Әр шаңырақтың ырзық-несібесі артып, арман-мақсаттары орындалсын.
Рухани құндылықтарымызды дәріптейтін Наурыз мерекесі құтты болсын. Қашанда отбасыларыңыздан шаттық пен молшылық кетпесін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!", - делінген құттықтауда.