Премьер-министр фермерлерге су тапшылығы болатынын ескертті

0
96

Биыл су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін.


Премьер-министр фермерлерге су тапшылығы болатынын ескертті

фото: Photo

ERNUR.KZ. Премьер-министр Олжас Бектенов биыл су тапшылығына қатысты болжамды жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Қазірдің өзінде Сырдария өзенінің жоғарғы жағында орналасқан су қоймаларында судың деңгейі былтырмен салыстырғанда төмен болып тұр.
"Болжамдарға сүйенсек, биылғы вегетациялық кезеңде су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін", - деді Бектенов.
Осы орайда премьер-министр ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізу аса маңызды мәселе екенін ерекше атап өтті.
"Бірінші кезекте осы жылдың соңына дейін жерүсті және жерасты су көздері туралы деректерді біріктіретін Су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын құру керек. Аталған жобаны іске асыру Ұлттық су балансының картасын қалыптастырып, гидрогеологиялық мониторингті жүргізуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті премьер.
Үкімет бастапқы су көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейін суды толық бақылауға мүдделі.