Премьер-Министр он күн ішінде Президентке Үкімет құрамын ұсынады

0
2 462

Содан кейін Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.


Премьер-Министр он күн ішінде Президентке Үкімет құрамын ұсынады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті ҚР Конституциясында көзделген тәртіппен құрады, деп жазады ҚазАқпарат.

Конституцияның 65-бабына сәйкес, республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.

Содан кейін Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.

Еске сала кетсек, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин тағайындалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осыған дейін «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Үкімет басшысының кандидатурасына пікір білдіріп, Асқар Маминнің кандидатурасын қолдаған еді.

Сонымен бірге, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты. Мемлекет басшысы құрамы жаңғырған жаңа Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келетінін атап өтті. Ол – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмінің ширек ғасырлық белеске жеткені. Мемлекет басшысы осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар халық үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет ететініне сенім білдірді.