Президент Алматыдағы Оқушылар сарайына сыйлық жасады

0
814

Президент Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғырту аясында заманауи кәсіби телескоп орнатуды тапсырды.


Президент Алматыдағы Оқушылар сарайына сыйлық жасады

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына сыйлық ретінде жаңа мектеп автобусы берілді, деп жазады Tengrinews.kz

Ведомство мәліметінше, онда балаларды түрлі конкурсқа, жарыстар мен фестивальдарға апару жоспарланған.

"Автобус барлық заманауи талапқа сай және жүру үшін ыңғайлы, соның ішінде әртүрлі ауа-райы жағдайында алыс қашықтыққа сапар шегуге арналған. Ауаны реттеу және жылыту жүйелерінен басқа, автокөлік 4 бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету батырмасымен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандуспен жабдықталған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Оқушылар сарайына сапары барысында Президент Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғырту аясында заманауи кәсіби телескоп орнатуды тапсырды.