Президент бастама көтермейтін шенеуніктерді сынға алды

0
379

Президент күрделі сәтте жұмылып жұмыс істеу маңызды екенін атап өтті.


Президент бастама көтермейтін шенеуніктерді сынға алды

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік аппарат қызметкерлері туралы сөз қозғады, деп жазады inbusiness.kz.

Бізге бастама айтпайтын шенеуніктер керек емес деген Президент, күрделі сәтте жұмылып жұмыс істеу маңызды екенін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметшілер осынау еліміз үшін күрделі сәтте жұмылып жұмыс істеу керек. Сіздерге бастамалар көтеріп, қажет кезінде шұғыл шешім қабылдай алатын қабілет таныту керек. Бастама айтпайтын, немқұрайды шенеуніктер бізге керек емес», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ол сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне тоқталды.

«Құқық қорғау органдары мемлекеттік аппараттың жұмысынан сыбайлас жемқорлықты анықтау кезінде қырағылық, жеделдік, обьективтілік танытуы керек. Шын кінәлілерді заң бойынша жазалау қажет. Мемлекеттік сатып алуларға ерекше назар аударған жөн. Бұл сала әлі де болса ашық болмай тұр. Жол және басқа да құрылыс түрлерінде лауазымды теріс пайдалану мәселесіне, әсіресе, ірі және орта инфрақұрылымдық жобаларға осындай назар аудару керек. Бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен жүйелі, бірізді күрес біздің ызғымайтын басым бағытым болып қалуі керек», – деді Президент.