Президент бірқатар елдің елшілерін тағайындады

0
350

Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.


Президент бірқатар елдің елшілерін тағайындады
Президент бірқатар елдің елшілерін тағайындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Біріккен Танзания Республикасындағы, Мозамбик Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлімхан Оңғарұлы Есенгелдиев Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.