21 жастағы Нұрдәулетов 2019 жылғы ӘЧ-на Қазақстан құрамасынан алғашқылардың бірі болып шықты.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Бекзат Нұрдәулетовті құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Бекзат Нұрдәулетовті Екатеринбургте өткен бокстан Әлем чемпионатында көрсеткен керемет өнерімен құттықтаймын. Ол бокстың жарқын үлгісін көрсетті. Спортта Бекзат зор табысқа жетеді деп сенемін. Токио Олимпиадасында Бекзатқа жеңіс тілеймін! Тек қана алға!», - деп жазады Президент twitter парақшасында.
Айта кетейік, Ресейде өткен Әлем чемпионатында 81 келі салмақта қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов финалда өзбекстандық боксшы Дилшодбек Рузметовпен жұдырықтасып, төрешілер шешіміне сәйкес 5:0 есебімен жеңіске жетіп, чемпион болды.