Президент дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатқандардың жауапқа тартылатынын айтты

0
788

Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды.


Президент дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатқандардың  жауапқа тартылатынын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз жоғарылатқандарды жауапқа тартуға уәде берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twittеr-де жазды.

«Азаматтардың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.