ПРЕЗИДЕНТ: Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажет

0
424

Биыл бірінші жартыжылдықта теміржол саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын қамтитын Бағдарламалық құжатты қабылдау қажет.


ПРЕЗИДЕНТ: Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажет

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажет екендігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы:


«СЕГІЗІНШІ. Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажет. Қазақстанды Еуразияның толыққанды көлік-логистикалық және транзиттік хабына айналдыру – алдымызда тұрған стратегиялық міндет. Осы міндетті іске асыру үшін Көлік министрлігі құрылды. Сондықтан, министрлік осы саладағы өзекті мәселелер бойынша шұғыл және тиімді шешімдер қабылдауы керек. Нақты нәтиже күтемін.

Биыл бірінші жартыжылдықта теміржол саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын қамтитын Бағдарламалық құжатты қабылдау қажет. Мәселе аз емес. Атап айтқанда, вагондарды жаңарту жұмысын тездету керек. Контейнерлердің тапшылығын жою қажет. Магистралды желілерді кеңейтуге қатысты барлық жобаларды жүзеге асыру қажет (2028 жылға қарай 1,3 мың шақырым). Жалпы, теміржол саласын қарқынды түрде цифрландыру керек. Бұл қадам оның тиімділігі мен өнімділігін едәуір арттыруға, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді»