Арыстық 8 жастағы бала ауруханада көз жұмды.
Қазақстан Президенті Арыс қаласында болған жарылыстардан кейін ауруханада қайтыс болған баланың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы президентҚасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Өкінішке қарай, автокөлік қағып, ауыр жарақат алған арыстық бала елорда ауруханасында қайтыс болды. Ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын!", - деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, Арыстық 8 жастағы бала 2 тамызда сағат 9.20-да Нұр-Сұлтандағы № 2 балалар ауруханасында көз жұмды.