«Президент көп ақша берді»: Жүрсін Ерман ауыр дерттен қалай аман қалғанын айтты

0
203

​Ол аяғын кеспек болғаны туралы айтты.


«Президент көп ақша берді»: Жүрсін Ерман ауыр дерттен қалай аман қалғанын айтты

Фото: Instagram/zhursin_yerman

ERNUR.KZ. Ақын, айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман ауыр дерттен қалай жазылғаны туралы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ол «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында дәрігерлер аяғын кеспек болғаны туралы айтты.

«Қант қой мені құртқан. Оның қайдан келгенін кім білсін?! Өте қатты ауырдым. Алматыдағы Президент іс басқармасының ауруханасында ем алдым. Мені қараған дәрігер аяғымды кесеміз деді. «Аяғыңды кеспесек, өліп қаласың» деді. Адамға аяғын кестіру оңай ма!? Шетелге барып келемін деп Швейцарияға ұшып кеттім. Онда құдам тұрады, ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені тексеріп, аяқты кесудің қажеті жоқ деп шешті.
Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев көп ақша берді, барып емделіп кел деп. Оны өзі айтпайды. Бірақ менің ішім біліп тұр. Содан аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні ауруханадан «екі-үш күндік өмірі қалды» деп шығаратын болыпты. Қыздарым шөп дәрілер беріп, мені аман алып қалды», - деді Жүрсін Ерман.