Президент Қытайдағы кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасады

0
923

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары басталды.


Президент Қытайдағы кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі баяндамасын және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады.