​Президент Маңғыстау облысын дамытудың басымдықтарын айқындады

0
555

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.


​Президент Маңғыстау облысын дамытудың басымдықтарын айқындады

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу барысында Маңғыстау облысын дамытудың басымдықтарын айқындап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

БІРІНШІ. Маңғыстаудың өңдеу өнеркәсібін және бизнес саласын дамыту қажет.

ЕКІНШІ. Облыстың көлік-логистикалық және инвестициялық әлеуетін арттыру керек.

ҮШІНШІ. Маңғыстаудың сумен қамтамасыз ету жүйесін және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып, Ақтау және Жаңаөзен қалаларын дамыту керек.

ТӨРТІНШІ. Облыстық білім беру, денсаулық сақтау саласын дамытып, жастарға қолдау көрсету керек.

БЕСІНШІ. Маңғыстаудың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін арттырып, азық-түлік нарығын дамыту аса маңызды.

АЛТЫНШЫ. Аймақтағы туризмді дамыту қажет.

ЖЕТІНШІ. Экология мәселелерін шешу қажет.