Президент тапсырмасы: Алматыда шу болған балалар үйі көшірілмейтін болды

0
213

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.


Президент тапсырмасы: Алматыда шу болған балалар үйі көшірілмейтін болды

Фото: Total.kz

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.