Іс-сапар барысында дәстүрлі құралдарды пайдаланумен қатар жаңа форматпен жұмыс істейді.
ERNUR.KZ. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында министрлер өңірлерге іс-сапары басталатынын мәлімдеді. BAQ.KZ
"Барлық шараларды жүзеге асыру үшін 2,3 трлн қаржы үш жылға беріледі. Министрліктер арнайы Жол карталарын әзірлеп, жұмыс істейтін болады. Жақын уақытта келесі аптадан бастап мен өзім, осында отырған министрлер облыстарға іс-сапарлармен баратын боламыз. Кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Бұл іс-сапарымызда дәстүрлі құралдарды пайдаланумен қатар жаңа форматпен жұмыс істейміз. Халықпен кері байланыс боулы керек. Сол жерлерде жеке қабылдаулар өткізіледі. Түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады. Жергілікті жерлерденгі жұмыспен қамту, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қаралады. Жергілікті журналистермен кездесулер өтеді", - деді ол.
Вице-премьер осы тоқсаның ішінде бүкіл облыстарды аралайтынын айтты.
"Қазақстанда 4 млн аса отбасы бар. Әрбірінің жағдайы әртүрлі. Елбасы сөзінде айтылды, 830 мың азаматқа көмек жәрдемақы ретінде берілетін болады. Арыз жазып, сұрақ қойып жатқандар бар. Олар жеке жеке қаралады. Бірінші орында жұмыспен қамту мәселесі тұр. Жастарға гранттар мәселесі, үйде жұмыс жасау үшін жағдай жасау, көп балалаы анадараға, әйелдерге үйде жұмыс беру кең қаралуы керек. Ақпарат құралдарымен, журналистермен тығыз байданыста жұмыс істеуге дайынбыз. Бәріміз бірігіп, әсіресе мұқтаж жандарға, аз қамтылған азаматтарға көмектесуіміз керек",- деп сөзін түйіндеді ол.