Президент Үкіметке пандемия статистикасын біріздендіруді міндеттеді

0
753

Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс - Тоқаев.


Президент Үкіметке пандемия статистикасын біріздендіруді міндеттеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия ахуалы туралы ақпаратты қоғам білуі керектігін айтып, Үкіметке пандемия статистикасын біріздендіруді міндеттеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Президент twitter-дегі парақшасында жазды.

"Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, коронавирусқа қатысты статистика бойынша үкіметке тапсырма берілгендігін хабарлады.

"Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер желісінде.