Қарин отандық вакцинаның бірінші дозасын 2020 жылы салдырғын.
Бүгін Президент көмекшісі Ерлан Қарин қазақстандық ғалымдар әзірлеген вакцинаның екінші дозасын салдырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.
Бүгін маған QazCovidIn вакцинасын екінші рет егеді. 21-22 күннен кейін екінші рет егу қажет, - деп жазды ол.Айта кетейік, ҚР Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қаринге 2020 жылдың 25-ші желтоқсанында сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатқан қазақстандық QAZCOVID-IN вакцинасынің бірінші дозасы егілгені туралы айтылған болатын.
Кейін Ерлан Қарин коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейінгі жағдайымен бөліскен болатын.