Бұған дейін бұл лауазымда қазіргі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова болған.
фото: kaztag.kz.
Ернар Баспаев Президент көмекшісі әрі Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
«Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалсын» делінген Президент жарлығында.
Айта кетейік, бұған дейін бұл лауазымда қазіргі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова болған.